Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы №436 «Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 158 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 436 «Тексеруді тағайындау, нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37074 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген бөнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі